Украина мен Ресей арасындағы келіссөз жақында болады: Трамп пен Путин не деп сөйлесті?
Фото: РИА Новости
Трамп пен Путиннің әңгімесінен кейін Ақ үй мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақ үйдің мәліметінше, бейбіт келіссөздер жақын арада Таяу шығыста болады және АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас үлкен экономикалық келісімге үласуы мүмкін.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Керолайн Левит екі ел арасындағы соғысқа кеткен қаражаттың барлығы өз халқының керек-жарағына жаратқаны әлде қайда жақсы екенін өз мәлімдемесінде атап өтті.
«Көшбасшылар бейбітшілікке энергетика және инфрақұрылым секторларында атысты тоқтату және тұрақты бейбітшілік орнату туралы техникалық келіссөздерден басталады деп келісті. Бұл келіссөздер Таяу Шығыста болады», деп мәлімдеді Ақ үй.
Екі елдің президенті Таяу Шығысты алдағы уақытта болатын даулардың алдын алу мақсатында ынтымақтастық аймақ ретінде қарастырды. Стратегиялық қару-жарақтарды тарату тоқтату туралы ақылдасып, бұл туралы өзге елдермен жұмыс істеуге дайын екенін де айтты.
Екеуі де Иранның Израильге қауіпті болмауы керек екенін ойлайтындарын жеткізді.
«Сондай-ақ олар екі ел арасындағы ынтымақтастық үлкен экономикалық келісімдерге және геосаяси тұрақтылыққа алып келетінін айтты», деп мәлімдеді Ақ үй.
Кейін АҚШ президентінің өзі Путин екеуінің әңгімесі керемет әрі өнімді болғанын жазды.
«Біз барлық энергетикалық және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша атысты дереу тоқтатуға келістік, өйткені біз атысты толығымен тоқтату үшін және ақырында Ресей мен Украина арасындағы осы жан түршігерлік соғыстың аяқталуына қол жеткізу үшін шұғыл жұмыс істейтінімізді түсіндік. Егер Мен президент болсам, бұл соғыс ешқашан басталмас еді! Бейбітшілік туралы келісімнің көптеген элементтері талқыланды, соның ішінде мыңдаған сарбаздар қаза тапты және президент Путин де, президент Зеленский де мұның аяқталғанын қалайды. Біз адамзат үшін бұны аяқтаймыз деп үміттенеміз!» деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.
Трамптың өкілі Стив Уиткофф Fox News-ке берген сұхбатында екі тарап 23 наурызда Сауд Арабияда келіссөздер жүргізетінін айтты.
Жаңалықтар
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?