Украина дрон шабуылынан кейін Ресейдің Усть-Луга портында өрт шықты

cover Фото: Ашық дереккөзден

Украинаның дрондармен жасаған шабуылынан кейін Ресейдің Усть-Луга портында өрт шықты. Сонымен қатар, алты әуежайда, оның ішінде Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайында ұшып-қонуға шектеу енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz.

25 наурызға қараған түні Украина Ленинград облысы аумағына дрондармен шабуыл жасаған.

Салдарынан Усть-Луга портында өрт тіркелген. Бұл туралы өңір губернаторы Александр Дрозденко мәлімдеді. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер жоқ. Облыс аумағында 56 дрон атып түсірілгені хабарланды.

Украиналық OSINT сарапшыларының мәліметінше, соққы НОВАТЭК-Усть-Луга зауытына тиген. Бұл кәсіпорын табиғи газ бен мұнай өндіру кезінде алынатын жанама өнім — тұрақты газ конденсатын өңдеумен және мұнай өнімдерін экспортқа жөнелтумен айналысады.

Усть-Луга кенті Украина шекарасынан шамамен 855 шақырым қашықтықта орналасқан.
 
 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар