ҰҚК және ІІМ-нің кейбір басшылары сын сағатта Отан алдындағы адалдығын сақтай алмады — Тоқаев Қаңтар оқиғасы туралы
Коллаж: Orda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында Қаңтар оқиғаларына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент оқиғалардың жалпы көрінісі әлдеқашан қалпына келтірілгенін атап өтті. Кейбір сот процестері әлі де жалғасып жатқанын, сондай-ақ ұрланған көп мөлшердегі қару-жарақты іздеу жұмыстары да тоқтамағанын атап өтті.
«Қаңтар оқиғасын талқылайтындар көбінесе сол кездегі дағдарыстың түпкі мәнін түсінуге еш пайдасы жоқ дүниелерді қазбалап кетеді. Сол үшін оларды кінәлауға да болмас. Дегенмен ақиқат жолында ешқашан қызбалыққа салынбау керек. Алматыдағы аласапыран туралы жиі айтылып жатады, мұны түсінуге де болады. Бірақ зұлымның сиқырлы таяқшасымен жасалғандай адам сенгісіз жағдайлар болғанын да естен шығармау керек. Нақтырақ айтқанда, бүлікті ұйымдастырушылардың әмірімен бір мезетте он екі қалада жаппай тәртіпсіздік белең алды. Оның арты қаскөйлердің көптеген облыс әкімдігі мен құқық қорғау органының ғимараттарын басып алуына әкеп соқтырды», — деді президент.
Тоқаев сол күндері күштік құрылымдардың едәуір бөлігі арасында дүрбелең туындағанын айтты. Кейбірі қызмет орындарын тастап, құпия құжаттар мен қару-жарақты қалдырып кеткенін жасырмады.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Ішкі істер министрлігінің кейбір басшылары сын сағатта Отан алдындағы адалдығын сақтап қала алмады», — деді ол.
Айта кетейік, Тоқаев Назарбаев пен Путин арасындағы әңгіме оны еш қызықтырмайтынын айтты.
Жаңалықтар
- Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Трампқа өзінің Нобель сыйлығын ұсынды
- Қазақстандықтар денсаулығына байланысты жүргізуші куәлігінен айырыла бастады
- Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады
- Атырауда жоғалған отбасы ісі: Ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
- Досаеваның жұбайы бір жылда 2,3 млрд теңге тапқан
- «Қорқытқым келді»: Атырауда төбелеске араласқан әке жігіттің құлағын кесіп алды
- Атырау облысында полицейлер жиналыс кезінде ұсталды
- Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген күдікті әйел ұсталды
- Рудный қаласындағы ERG шахтасында жарылыс болып, жұмысшы зардап шекті
- Мемлекет басшысы парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді
- Зорлау күдігіне ілінген Қарағанды облысындағы әкімге тағылған айып жеңілдетілді
- АҚШ-та Мадуроға қатысты соттың алғашқы тыңдауы аяқталды
- Белгілі заңгер жаңа салық кодексі жұмысын тоқтатуды талап етті
- Венесуэлада президент сарайының жанында атыс болды
- Астанадағы ауруханада 9 айлық бала күйіп қалды
- ҰҚК және ІІМ-нің кейбір басшылары сын сағатта Отан алдындағы адалдығын сақтай алмады — Тоқаев Қаңтар оқиғасы туралы
- Астанада ер адам бұрынғы әйелін аңдып, күш қолданған
- Назарбаевтың жиен немересі Дубайда туған күнін дүркіретіп тойлады
- Атырауда ұшты-күйлі жоғалып кеткен тұтастай бір отбасы туралы жаңа мәлімет шықты
- Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді