ҰҚК пара берген шетелдіктерді ұстады

cover Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан арқылы Еуропа елдеріне өтпек болған Ауғанстанның төрт азаматын ұстады.

Шетелдіктер Алматы әуежайы арқылы Испания мен Португалияға еркін өту үшін шекарашыларға бес мың доллар көлемінде пара бермек болған. Сонымен қатар, олардың жалған төлқұжаттары болған.

«Сот санкциясымен ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды» деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру (Қылмыстық кодекстің 394-бабы) және пара беру (ҚК 367-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар