ҰҚК-ның жаңа төрағасы тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзден
Мемлекет басшысының үкімімен ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып Жанат Элиманов тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Жанат Элиманов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы қызметінен бастаған.
2000 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының және Астана қаласының прокуратура органдарында жұмыс істеген.
2007 жылдан 2017 жыл аралығында әділет және қаржы министрліктерінің, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің құрылымдарында түрлі қызметтер атқарды.
2017 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдар атқарды.
2019 жылдың ақпан айынан сәуір айы аралығында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болды.
2019 жылдан бастап ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары, Қаржы мониторингі комитеті төрағасы қызметін атқарды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды