ҰҚК Арқалық полициясының қызметкерлерін ұстады

cover Фото: gov.kz

Қостанай облысының прокуратурасы Арқалық қалалық полиция басқармасы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.

Прокуратура мәліметінше, істі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті тергеп жатыр.

«Арқалық қаласында полиция басқармасы қызметкерлеріне қатысты тіркелген қылмыстық іс бойынша бірнеше тергеу әрекеті жүргізілді», деп мәлімдеді облыстық прокуратура.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде шамамен 20 полицейдің тергеуде екені туралы және істің жергілікті автоХҚКО жұмысына байланысты болуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Алайда бұл деректерді Қостанай облысының прокуратурасы растаған жоқ. Ведомство істің өзге мәліметтері тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтынын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар