Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрескен полиция майоры 8 жылға сотталды
Фото: МТРК телеканалынан
Петропавлда сот бұрынғы ҰҚБ-ның ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Қаптаевтың ісіне нүкте қойды. Енді полиция майоры сегіз жылын колонияда өткізеді.
Orda.kz оның қандай қылмыс істегенін анықтап көрді.
Ерболат Қаптаев ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасында жетекшілік қызмет атқарған. Өткен жылдың соңында оны ҰҚК қызметкерлері қолға түсірді. Бастапқыда майор бірнеше рет пара алды және қылмыстық топтарға жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Сол кезде Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті бұл қызметкердің екі ай бұрын жұмыстан босатылғанын хабарлаған еді.
Нәтижесінде полицейге ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Бұл бап «құқық қорғау органдары қызметкерінің бірнеше рет пара алуы» деп аталады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Ерболат Қаптаев бұрын бірнеше рет сотталған Руслан Нағұмановпен жақын қарым-қатынас орнатқан. Ол оған алда болатын тінтулер жөнінде хабарлап отырған, телефон нөмірлерін тексеріп, қажет адамдардың тұрған жерін біліп беріп отырған. Бұдан бөлек, кезекті құқықбұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруына көмектескен.
Мемлекеттік айыптаушылардың дерегіне қарасақ, осының бәрі үшін Нағұманов Қаптаевқа алғысын түрлі жолмен білдірген. Гаджеттер сыйлап, көлігін уақытша пайдалануға берген, дәмханалардағы есепшоттарын төлеген.
Сот процесі барысында айыпталушының қорғаушысы Нұрым Қазыбеков оның кінәсіздігін растайтын негізгі дәлелдерге «қызметтік құпия» белгісі қойылғанын айтты. Оның сөзінше, егер істің кейбір тұстары жабық тәртіпте қаралса, көптеген мән-жайды анық түсіндіруге болар еді. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.
Қорғаушы куәгерлердің сөзіне де күмән келтірді. Олардың көпшілігі бұрын сотталған және жазасын өтеген. Солардың қатарында Руслан Нағұманов та бар. Дәл осы Нағұмановтың айтқандары майорға тағылған айыптың негізіне айналды.
Айыпталушының өзі Нағұмановпен араласқан себебін —ҰҚБ-ның жедел қызметтік жұмысының бір бөлігі деп алға тартты. Оның айтуынша, ол бұл қарым-қатынасты тек ауыр қылмыстарды әшкерелеу және қауіпті қылмыскерлердің қайда жүргенін анықтау үшін пайдаланған. Іс материалдарында да қызметтік сипаттағы байланыстарды растайтын ресми сауалдар мен хат-хабарлар бар екенін жеткізді. Алайда сот оған толыққанды түсініктеме беруге мүмкіндік бермеді.
Нағұманов ақшаны басқа адамдар да алғанын айтқанына қарамастан, оларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылды. Адвокаттың айтуынша, Қаптаев ондаған істі ашып, жүйеге қызмет еткен, алайда енді өзі қудалаған адамның сөзіне сүйеніп айыпталып отыр.
Ал осы уақытта Нағұмановтың алаяқтық пен бұзақылық үшін алған үкімі заңды күшіне енді. Ол алдағы жеті жылын колонияда өткізеді. Адвокаттың пікірінше, оның полицейге қарсы айтқан сөздері қылмыстық ортадағы беделін арттырудың амалы ғана.
Мемлекеттік айыптаушы бұрынғы ұйымдасқан қылмыспен күрескерге тоғыз жыл колония сұрады. Ал айыпталушының өзі, оның қорғаушылары мен туыстары тағылған айыппен мүлде келіспейтінін мәлімдеді. 19 қыркүйекте судья Елена Аушакимова бұл даулы істі қарап, шешімін жариялады.
«Қаптаевты кінәлі деп танып, оған сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Полиция майоры атағынан айырылсын және пара ретінде алынған 670 мың теңге тәркіленсін. Сот телефонды беру жедел қызметтік міндеттердің аясында болмағанын анықтады. Бұдан бөлек, сот Қаптаев жасаған әрекеттерді, яғни, Нағұмановқа ақпарат пен қызмет ұсынуды қызметтік міндеттерді өрескел бұзғанын және мемлекеттік қызметке қайшы келгенін айтты. Сондай-ақ Қаптаевтың көлік беру эпизоды бойынша кінәсі куәгерлердің айғақтарымен қатар Қаптаев пен Нағұманов арасындағы әңгімелердің стенограммалары, жазбаша хат-хабарлар мен тергеу изоляторында ҰҚК департаменті жүргізген жасырын тергеу әрекеттерімен дәлелденді», – деп Петропавл қалалық сотының судьясы Елена Аушакимова үкімді жария етті.
Ерболат Қаптаев сот шешімін байыппен тыңдады. Үкімге алдын ала дайын болғаны байқалды. Оның жасы 36-да. Үйленген, екі кішкентай баласы бар. Бұл – жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Ал ішкі істер органдарында 12 жыл еңбек етіп, антты бұзғаны сот тарапынан ауырлататын мән-жай ретінде қаралды.


Айтпақшы, үкім жарияланған залда полицейлер көп болды. Әрине, бұл алдын алу шарасы болуы мүмкін.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ. Ал сотталған тараптың оны қайта қарауды сұрап, шағым түсіретіні анық.
Жаңалықтар
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды