Қуат Тұмабаев Сауда министрлігінің департаментін басқарады

cover ҚазАқпарат

2018 жылы Риддердегі адам өлімімен аяқталған жол апатына байланысты Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев қызметінен кеткен болатын. Енді ол Сауда және интеграция министрлігінің экспортты жылжыту департаментінің директоры болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қуат Тұмабаев Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істегенге дейін 2011 жылдың сәуірінен 2015 жылдың наурызына дейін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің инвестициялық саясат департаментінің директоры болған.

2018 жылы Риддерде жол апатынан кейін 18 жастағы жаяу жүргінші Евгений Смольников қайтыс болады. Оны қағып кеткен көлікте Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев пен Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болған. Еске салсақ, Тұмабаев сотқа куәгер ретінде қатысқан.

Ол жол апаты орын алған кезде бірден бөтен көлікке отырып, кетіп қалған. Ал көлік жүргізушісі Құрманбаев зардап шегушімен бірге қалған.

Қуат Тұмабаев Әкімшілік кодекстің «Міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтару» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бірақ қала әкімі автокөліктің иесі болмағандықтан сот шешімі жойылды.

Тергеу кезінде Қуат Тұмабаев демалысқа кеткен.

2018 жылдың тамыз айында Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Қуат Тұмабаевтың «мұндай жоғары лауазымда отыруға моральдық құқығы жоқ» деп, оның қызметінен кетуін талап еткен. Кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қуат Тұмабаевтың 13 тамызда жұмыстан кету туралы өтініш жазғаны туралы хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар