«Уақытша»: Павлодардағы оқушыға бұранда тығып алған мұғалім жұмысын қайта жалғастырады
Фото: Видеодан кадр
Тақтада есеп шығарып тұрған оқушыға бұранда тығып алған мұғалім қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Математика пәнінің мұғалімі қызметтік тексеруге дейін жұмысын жалғастырады. Бұл туралы Павлодар облысының білім басқармасы мәлімдеді.
«Білім бөлімі жүргізген қосымша бағалау негізінде, Еңбек кодексін және педагогикалық ұжымның қызметін реттейтін басқа да актілерді басшылыққа ала отырып, қызметтік тергеуге дейін мұғалімді орнында қалдыру туралы шешім қабылданды. Білім бөлімінің мамандары мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жан-жақты тексеру жүргізіп, мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға береді», деп хабарлады білім басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, оқушы мен оның ата-анасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мұғалімнің жұмыста қалу, қалмауы тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін белгілі болады. Ал оған дейін мұғалім қызметін жалғастырады.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда мұғалім тақтада тұрған оқушыға бұранда тығып, жұмыстан қуылғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды