ТЖМ: жарылыстан қаза тапқан үш адамның дерегі әлі белгісіз

cover

Жамбыл облысындағы болған жарылыстан қаза тапқан үш адамның дерегі әлі табылмады. Қазір іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп Orda.kz  хабарлады.

Сонымен қатар ведомства басшысы қаза тапқандарды марапатау жайлы да түсіндіре кетті. Оның айтуынша, қызметкерлерді ДНҚ сараптамасы бойынша анықтап, денелері табылғаннан кейін кезекті  мемлекеттік наградаларға ұсынылады.

– Мемлекет басшысы қызметкерлердің ерлігін жоғары бағалап, алғыс білдірді. Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары «Халық қаһарманы» атағын алды. Ол алғашқы жарылыс болған кезде өрт сөндіруді, эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастырған.  Бірнеше адамды аса қауіпті жерден алып шыққан. Содан соң, екінші жарылыс болып, соның салдарынан қаза тапты. Тәртіп бойынша бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен қайтыс болған офицерлер құрамы, ал үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен қатардағы құрам сарбаздары да марапатталады, - деді ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар