«Тышқанның балаларын шақырамын»: Шымкенттегі ауруханадағыларды сабаған азамат қамалды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Шымкентте белгісіз біреу ауруханаға баса-көктеп кіріп, сол жерде болған азаматтың бірін соққыға жығып, полиция қызметкеріне шабуыл жасап, ұлтаралық араздықты қоздыратын қорлайтын сөздер айтқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұрын түрмеде отырғанына мақтанып, өзімен өзі отырған екі адамды ұрып-соққан.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бейнежазбада ер адамның ұрып соққаны, балағат сөздер айтқаны, «өзбек ұлтына қатысты» сөздер айтқаны байқалады. Сонымен қатар сабырға шақырған адамдармен ерегесіп, прокуратураны, полицейлерді шақыруын талап етеді. Кейін формадағы азаматтың кеудесінен итеріп, ерегісе кетті.
«Тышқан ба? Тышқанның балаларын шақырамын! Соқыр ма? Соқырдың балаларын шақырамын!», – деп ер адам полицейге сес көрсетті.
«Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Ал тергеу барысын басшылық бақылауына алды», деп мәлімдеді полицейлер.
Еске сала кетсек, Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы қызды бірнеше адам зорлап, аяусыз өлтіріп кеткен еді.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген