Түркістанға ерекше мәртебе берілмек: Сенат заң жобасын мақұлдады
Фото: gov.kz
Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілетін болды. Тиісті заң жобасын бүгін сенат депутаттары мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін сенатта Түркістанға қатысты екі заң жобасы қаралды. Бірі «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және екіншісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. Қарастырылып отырған заңның мақсатыТүркістан қаласының Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретіндегі ерекше мәртебесін айқындайтын құқықтық негіздерді реттеуге қатысты екен.
«Туризм саласын дамыту мақсатында Түркістан қаласының әкімдігіне кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша бірқатар құзыреттер беріледі, оның ішінде:
туристік қызмет нысандарын салу және реконструкциялау кезінде;
жол бойындағы сервис нысандарын салу бойынша;
сыйымдылығы сегіз орыннан асатын көлік құралдарын сатып алу бойынша және т.б.
Бұл түзетулер туристік инфрақұрылым мен қызметтерді одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді сенатор Бауыржан Қаниев.
Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы құрылыс мәселесі талқыланды.
«Кесене айналасындағы құрылыстың бірыңғай стандарттарын және Түркістан қаласының аумағында сәулет пен қала құрылысының бірыңғай стилистикасын қамтамасыз ету үшін нормалар көзделген. Осылайша, жергілікті өкілді және атқарушы органдар қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге жауапты болады», - деді сенатор.
Одан бөлек Түркістан қаласының әкімдігіне барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткішті анықтау, зерделеу, сақтау, жергілікті жердің тарихи-сәулеттік тірек жоспарлары мен карта-схемаларын жасау бойынша құзыреттер берілмек.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді