Түркістанда бұрынғы әйелін кепілде ұстаған ер адам сотталды

cover Фото: freepik.com

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін кепілге алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бас прокуратураның мәліметіне қарасақ, ер адам бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, оған пышақ тақаған. Ер адам экс-әйеліне балаларын көрсетпей жүргені үшін ренжіген. Тергеу мәліметі бойынша, ол әйелімен лудомания кесірінен ажырасқан көрінеді. Әрі бұрын сотталған. 

Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, әйелді алып кетіп қалған. Сол күні ер адам Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды. 

Сот ер адамды 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, түрмеден шыққан актер Михаил Ефремов мансабына оралады. Ал «Кальмар ойыны» сериалындағы танымал актер бір жылға сотталды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар