Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
Коллаж: Orda.kz
Алғабаста 12 адамның өмірін жалмап кеткен өртен аман қалған үш адамның бірі есін жиды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қарашада алапат өрт шықты. 360 шаршы метрлік жеке үйде болған апат салдарынан 12 адам қаза тауып, үш адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Бұған дейін Алғабастағы дәрігерлер өрттен зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде екенін мәлімдеген еді.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов науқастардың бірінің жағдайының жақсарғанын хабарлады.
«Зардап шеккендердің бірі есін жиды. Қажет болған жағдайда үшеуі де аудандық ауруханадан астанаға санитарлық авиациямен тасымалдауға дайын», — деді Жолдасов.
Оқиғаға дейін отбасы сүндет тойын атап өткен. Мереке алдымен мейрамханада өткен, кейін үйде жалғасқан. Полиция өрттің нақты себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Прокуратура бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғады. Оқиға орнына Жетісай аудандық полиция және прокурорлық құрамдағы қызметкерлер келді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес