Түркістан облысында тауда адасқан алты турист құтқарылды

cover Фото: ҚР ТЖМ бейнесінің скриншоты

Шымкент қаласының үш ер және үш әйел тұрғыны Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы Үлкен Тұра шыңын бағындыруға шыққан. Алайда көп ұзамай олармен байланыс үзіліп,  жақындары құтқару қызметіне жүгінген, деп хабарлайды Orda.kz.       


«Сырдария–Түркістан» мемлекеттік табиғи паркі аумағында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын тау жолдарымен бес шақырымға жуық жол жүріп, соның ішінде бір шақырымын тау өзенінің бойымен өткені хабарланды. Туристер түнгі уақытта табылды.

Белгілі болғандай, туристердің бірі - әйел адам аяғын сындырып алған. Осы себепті топ өз бетімен тік жартасты таудан төмен түсе алмаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға шығу — оңай емес әрі дайындықты қажет ететін шаруа екенін ескертеді. Мамандар арнайы дайындықсыз және байланыс құралынсыз жолға шықпауға кеңес береді.

 
Турист демекші, Каппадокияда  шетелдік турист қыздың түріктердің туы тігілген тұғырға шығып, би билеген видеосы әлеуметтік желілерде таралып, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды. Турист қыз үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар