Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған 20 адам сотталды
Фото: ашық дереккөзден
Айыпталушылар арасында мұғалімдер мен дәрігерлер бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Шығын көлемі 392 миллион теңгеге жеткен. Жәбірленушілерге залалды өтеу мәселесі бойынша тергеу әлі де жалғасады.
Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру ісі бойынша сот үкімі шықты. Айыпталушылар орындығында 20 адам отыр. Олардың қатарында мұғалімдер, дәрігерлер, бухгалтерлер және жұмыссыз азаматтар бар.
Іс материалдарына сәйкес, қаржы пирамидасының қызметіне 279 салымшы тартылған, алайда сот тек 54 адамды ғана жәбірленуші деп таныды.
Сотталғандардың ең жасы – 24 жаста, ең үлкені – 65 жаста. Айыпталушылардың бірі бұрын сотталған. Кейбір сотталушылар кінәсін ішінара мойындады. Екі адам 5 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылса, 12 адамға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, тағы бес адамның бостандығы 3 жылға шектелді.
«Ұйымдастырушылардың бірі Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы — «Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, дәл осы мерзімге қаржы тарту және инвестициямен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды», деп мәлімдеді облыстық сот.
Жәбірленушілерге келген 392 миллион теңге көлеміндегі шығынды өтеу мәселесі бойынша тергеу әлі жалғасуда.
2025 жылдың ортасында хабарланғандай, Қазақстанда жыл басынан бері 36 қаржы пирамидасы жойылған. Олардың құрбандары – 86 мыңнан адамнан асты.
Сонымен қатар азаматтары телеграм-бот арқылы компаниялардың қаржы пирамидасы белгілерінің бар-жоғын тексере алатынын еске саламыз.
2024 жылы әлеуметтік желілерді талдайтын IT құралдарын пайдалана отырып, 600 мың адам аудиториясын қамтитын қаржылық пирамида белгілері бар сайттар мен аккаунттардың мыңға жуық сілтемесі бұғатталды.
Биылғы жылдың басында Asar Baspana қаржы пирамидасының жолы кесілді. Алматы қаласында «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржы пирамидаларының қызметі тоқтады.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды