Түркістан облысы арнайы прокурорлары шетелдіктердің интернет-алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады
Фото: freepik.com
Шетелдік Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, жәбірленушілерден 125 млн теңгеден астам қаржы алдап алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан аумағында жүрген шетелдік азамат Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткен. Топ мүшелері интернет және телефон арқылы жасалған алаяқтық әрекеттер нәтижесінде 21 жәбірленушіге жалпы сомасы 125 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірген.
Арнайы прокурорлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы (алаяқтық), сондай-ақ 262-бабының 1 және 2-бөліктері (ұйымдасқан топ құру және оған қатысу) бойынша көзделген қылмыстар белгілері бар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.
«Алаяқтар ұялы байланыс арқылы телефон қоңырауларын пайдаланған. Күдіктілер өздерін пошта ұйымдары және байланыс операторлары қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың атына алдау жолымен несие рәсімдеп, алынған қаражатты иемденіп отырған. Сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушілерге 20 миллион теңге қайтарылды. Күдіктілерге тиесілі үш автокөлікке тыйым салынды. Қалған шығын сомасы сот процесі барысында мәжбүрлеп өндіріледі» деп жазылған хабарламада.
20 күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тағы екі адам халықаралық іздеуге жарияланды. Қылмыстық іс бойынша тергеу толық аяқталды.
Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталды.
Оқи отырыңыз:
- Жамбыл облысы Сарысу ауданында төтенше жағдай жарияланды
- Қызылқайраттағы қанды оқиға: Адам өлімі мен бала ұрлау, тергеушілердің ісі сотқа өтті
- 348 адамға несие алдыртқан: 3,7 млрд шығын келтірген алаяқ банк қызметкерлері ұсталды
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды