Түркістан облысы арнайы прокурорлары шетелдіктердің интернет-алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады

cover Фото: freepik.com

Шетелдік Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, жәбірленушілерден 125 млн теңгеден астам қаржы алдап алған, деп хабарлайды Orda.kz.      

Қазақстан аумағында жүрген шетелдік  азамат Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткен. Топ мүшелері интернет және телефон арқылы жасалған алаяқтық әрекеттер нәтижесінде 21 жәбірленушіге жалпы сомасы 125 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірген.

Арнайы прокурорлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы (алаяқтық), сондай-ақ 262-бабының 1 және 2-бөліктері (ұйымдасқан топ құру және оған қатысу) бойынша көзделген қылмыстар белгілері бар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

«Алаяқтар ұялы байланыс арқылы телефон қоңырауларын пайдаланған. Күдіктілер өздерін пошта ұйымдары және байланыс операторлары қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың атына алдау жолымен несие рәсімдеп, алынған қаражатты иемденіп отырған. Сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушілерге 20 миллион теңге қайтарылды. Күдіктілерге тиесілі үш автокөлікке тыйым салынды. Қалған шығын сомасы сот процесі барысында мәжбүрлеп өндіріледі» деп жазылған хабарламада. 

20 күдіктіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тағы екі адам халықаралық іздеуге жарияланды. Қылмыстық іс бойынша тергеу толық аяқталды.

Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталды.

Оқи отырыңыз:



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар