Түркиядан экстрадицияланған бұрынғы полицей сотқа дейін Өскеменде қайтыс болып кетті
Фото: Бейнеден кадр
Үш апта бұрын Түркиядан экстрадицияланған бұрынғы құқық қорғау қызметкері Олжас Оразғали тергеу изоляторында көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қамауға алынған адамның қайтыс болғаны туралы жергілікті «Репортер» арнасы мәлімдеді. Orda.kz жіберген сұрау бойынша ҚАЖД ақпаратты растады. Белгілі болғандай, Оразғали ұстау изоляторында отырған кезде денсаулығына байланысты шағымданған. Ол ауруханаға жатқызылғанымен бірнеше күннен кейін қайтыс болды.
«Өлімнің себебі — екі жақты тромбоэмболия (тромбоз). Қамауға алынған адамның қайтыс болу фактісі бойынша тексеру басталды», — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
Олжас Оразғали халықаралық қылмыстық топтың құрамына кірді деген күдікке ілінді. Бас прокуратураның мәліметінше, 2015-2016 жылдары ол Шығыс Қазақстан облысының органдарында басшылық қызмет атқара отырып, заңсыз ойын бизнесін қорғағаны үшін үнемі пара алған. Ол жеті жыл бойы іздеуде болды. 2024 жылдың қаңтарында Түркияның Измир қаласында ұсталды. Күдікті бір жарым жылдан кейін Қазақстанға экстрадицияланды.
Айта кетейік, медицина университетінің бұрынғы ректоры пара алғаны үшін сотталды.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды