Түркия туының астында билеген турист қыз үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

cover

Каппадокияда шетелдік турист қыздың түріктердің туы тігілген тұғырға шығып, би билеген видеосы әлеуметтік желілерде таралып, жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Orda.kz.       

Бейнежазбада қыз тудың тұғырынан ұстап, оған тіреліп түрлі қимылдар жасаған. Видеоны ол Учхисар аймағындағы төбенің басында түсіріп, өзі интернетке жариялаған. Ұзақтығы 12 секунд болатын бұл видео қолданушылар арасында кеңінен тарап, көпшілігі оны қорлау деп бағалап, полицияға шағым түсірген.


 



Осы оқиғаға байланысты прокуратура екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады: түрік туын көпшілік алдында қорлау және түрік ұлтын көпшілік алдында қорлау.

Жарияланған сәтке дейін қыздың ұсталғаны немесе елден шығып кеткені туралы нақты ақпарат жоқ.

Еске салсақ, 2023 жылы түрік белсенділері Құранның өртенуіне жауап ретінде  Швеция елшілігінің жанында Швецияның туын өртеп жіберді.  Белсенділер бұл әрекетті толығымен видеоға түсіріп, кейін желіде жариялады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар