Түркия Росатом салып берген АЭС-ті биыл іске қосады

cover Фото: freepik.com

Түркия Росатом салып берген АЭС-ті биылғы жылы іске қосады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Түркия билігі Ресейдің Росатом мемлекеттік корпорациясы салған «Аккую» АЭС-ның бірінші реакторын 2025 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің энергетика министрі Алпарслан Байрактар айтты. 

«Біз биыл бірінші реакторды іске қосамыз деп алдымызға мақсат қойдық. Тестілік режимде болса да электр энергиясын осы жылы өндіруді бастауға ниеттіміз. Алғашқы реакторда электр энергиясының өндірілуі өте маңызды», – деді Түркия министрі.

Министр АЭС-тің іске қосылуы Түркия үшін тарихи сәт болатынына сенімді. Өйткені «Аккую» – Түркияда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясы.

Еске салайық, Қазақстан билігі ел аумағында алғашқы атом электр станциясын салу бойынша Ресеймен «ортақ шешімге келу» мүмкіндігін талқылап жатыр. Ресей Қазақстанға АЭС салатынына сенімді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар