Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан

cover Фото: freepik.com

Түрікменстаннан келген студент Алматыдағы перзентханада жаңа туған ұлын қалдыруға тырысқан. Бұл туралы Отбасын қолдау орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Орталықтағы директор міндетін атқарушы Ақмолжан Зариповтың айтуынша, Алматыдағы бір жоғары оқу орнының студенті жаңа туған ұлын перзентханада қалдыруға тырысқан. Нәресте балалар үйіне жіберілген. 

Қыз мұндай әрекетке баруына қиын тұрмыстық жағдайы мен туыстарының қарсылығы себеп болғанын айтқан. Орталық қызметкерлері дереу Балалар үйіне барған.

«Жаңа туған келіншекпен психологиялық кеңес жүргізілді. Кеңес нәтижесінде ол нақты шешім қабылдап, сәбиін алып кететін болды. Күтімін де өз мойнына алды», – деді Ақмолжан Зарипов. 

Зарипов тура осындай жағдайдың бұған дейін де қайталанғанын жасырмады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар