Тұрғын үй кешендерінің жабық тұрақтарында электр көліктерін қуаттауға рұқсат етіледі

cover Фото: Ашық дереккөзден

Тұрғын үй кешендерінің жабық тұрақтарында электр көліктерін қуаттауға рұқсат етілетін болады, деп хабарлайды Orda.kz порталы  TengriAuto-ға сілтей отырып.

Айта кетейік, бұрын бұл мүмкін емес еді және бұл электро -көлікке ауысуды жоспарлағандар үшін үлкен кедергі болды.

Сондай-ақ бұның да өзіндік ерекшеліктері бар:

  • Тек зауыттық зарядтағыштарды пайдалануға рұқсат етіледі;
  • Тұрақ орындары автоматты өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек;
  • Қуаттағыштар 1-ші жер асты немесе жертөле қабатынан төмен болмауы керек;
  • Қуаттау станциялары орналасқан тұрақ алаңы 1200 шаршы метрден аспауы керек;

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар