«Тұңғыш қазақ қызы»: Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында дзюдодан күміс жүлде жеңіп алды
Фото: ҰОК
Будапешт қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Әбиба Әбужақынова күміс жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта сайысқа шығып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Отандасымыз күміс жүлдеге ие болып, ел намысын абыроймен қорғады.
Әлемнің үздік дзюдошылары бас қосқан додада Әбиба бірінен соң бірін мықты қарсыластарын жеңіп, финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші белдесуде италиялық Асунта Скуттомен жекпе-жекке шықты. Скутто дзюдодағы иппон әдісімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова бұған дейін екі рет әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Сонымен қатар, ол әлем чемпионатының финалына шыққан тұңғыш қазақ қызы атанды.
Еске сала кетсек, Әбиба Әбужақынова өткен жылы Олимпиада ойындарына қатысып, жүлдесіз оралған. Ол қола жүлдеге таласта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, бесінші орын алған еді. Жүлдесіз оралған оған таныстары көлік сыйлап, жұрт әлеуметтік желіде оны қызу талқылады.
Жаңалықтар
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты