«Транстелекоммен» қош айтысқан Нұрәлі Әлиевтің орнын кім басты?
Фото: Ttc.kz
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевтің «Транстелеком» АҚ-тағы өз үлесін сатқаннан кейін, оның орнына компанияның директорлар кеңесіне Jusan Mobile-дың топ-менеджерлері кірді, деп хабарлайды Orda.kz.
KASE-де жарияланған құжатқа сәйкес, «Транстелеком» директорлар кеңесінің құрамы 12 ақпанда өзгертілді. Нұрәлі Әлиевпен қатар екі топ-менеджер болған Берік Өтемұрат пен Эльдар Ғұмаров кеңестен шығарылды.
Нұрәлі Әлиевпен бірге компания акцияларының 75%-ын бақылаған Дмитрий Покупателев директорлар кеңесінің төрағасы болып қайта тағайындалды.
Жаңартылған құрамға Jusan Mobile-дың үш өкілі кірді:
- Қайрат Балықбаев– Jusan Mobile басқарма төрағасы, бұрынғы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры, сауда және интеграция вице-министрі.
- Андрей Марченко – Jusan Mobile директорлар кеңесінің төрағасы.
- Нұрлан Арынғазиев– Jusan Mobile директорлар кеңесінің мүшесі
KASE-де жарияланған құжатқа сәйкес, директорлар кеңесінің жаңа мүшелері «Unit Telecom» ЖШС акционері өкілдері ретінде көрсетілген. 2024 жылғы 11 ақпандағы мәлімет бойынша, бұл компанияның құрылтайшылары қатарында Дмитрий Покупателев пен Нұрәлі Әлиев деп жазылған. Алайда, жуырда бұл деректер өзгеруі мүмкін, себебі Әлиев «Транстелеком»-ды сататынын жақында ғана мәлімдеді.
Сонымен қатар, 13 ақпанда Қазақстанның ең бай бизнесмені Вячеслав Ким Ғалымжан Есеновтен Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алатынын растады. Ал Есенов Jusan Mobile-ды JV Holding Ltd арқылы басқарады. Осыған байланысты, «Транстелеком» келісімінің артында да дәл осы тұлға тұруы мүмкін.
Жаңалықтар
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды
- Алматыда қалың қар жауып, бір тәулікте 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді