Трансгендерлердің әскерде борышын өтеуіне тыйым салынды

cover Фото: freepik.com

АҚШ-та Дональд Трамп трансгендерлерге әскерде қызмет атқаруға тыйым салды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Дональд Трамп билікке келгеннен кейін, Джо Байден әкімшілігі бастамаларынан біртіндеп бас тартып жатыр. АҚШ президенті әскерге қатысты бірнеше жарлыққа қол қойды. 

Трамп пандемия кезінде екпе алудан бас тартып, жұмыстан босатылған 8 мың әскериді бұрынғы қызметіне қайта алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Трамп армиядағы гендерлік ерекшелікті жою мәселесіне тоқталды. Ақ үй басшысы 2017 жылы өзінің алғашқы президенттік мерзімінде трансгендер америкалықтарға әскери қызметке келуге тыйым салғанымен, 2021 жылы сол кездегі президент Байден бұл шешімнің күшін жойған болатын. 

Дональд Трамп «америкалық темір күмбез» – әуе қорғанысы жүйесін құру жөніндегі жарлыққа да қол қойды. Ол Израильдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері үлгісінде жұмыс істейтін болады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар