Трамп тез арада атысты тоқтатып, Украина бойынша келіссөз жүргізуге шақырды

cover Фото: PETER ZAY / AFP

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Сирия туралы айтып, Украина қақтығысты реттеу үшін Ресеймен келісім жасасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.       

Ол осындай жазбасын Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.


«Ресей мен Иран қазір әлсіреген күйде, бірі Украинадағы соғыс пен экономикасының нашарлағанынан, екіншісі Израиль мен оның әскери қақтығыстардағы табыстарына байланысты. Зеленский де,  Украина да мәмілеге келіп, бұл ақылсыздықты тоқтатқысы келеді» деп жазды Трамп.



Ол тез арада атысты тоқтатып, келіссөздерді бастау қажеттігін баса айтты.


2024 жылы 7 желтоқсанда Парижде Франция, АҚШ және Украина басшыларының кездесуі өтті. Бұл сапар Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейінгі алғашқы шетелдік сапары, сондай-ақ оның АҚШ-тың сайланған президенті ретінде  Зеленскиймен алғашқы кездесуі болды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар