Трамп Қытайдан келетін тауарларға салық салады: Оның Қазақстанға әсері
Фото: Ақорда
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін тауарларға 10%-дық жаңа тариф енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске сала кетсек, Orda.kz Қазақстан Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қоғамды таң қалдырып, Taldau Talks атты жаңа подкастың тұсауын кескені жайлы жазған болатын. Осы бағдарламада АҚШ және Қытай қарым-қатынастарының біздің елге әсері жайлы айтылды.
Трамптың айтуынша, Қытай АҚШ-қа заңсыз заттардың жеткізілуіне қарсы қатаң шаралар қабылдағанша салық салады.
Бұл шешім Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?
Осы сұраққа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов подкаста жауап берді.
Ол Қытайдағы экономикалық белсенділіктің төмендегенін атап өтіп, АҚШ-тың Қытай тауарларына баж салығын енгізуі Қытай экономикасына қосымша теріс әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша Қазақстан Қытайдың негізгі сауда серіктесі болған соң осы өзгерістер әсер етуі мүмкін.
«Қытайдағы экономикалық белсенділік айтарлықтай төмендеді. Егер Америка Құрама Штаттары Қытай тауарларына маңызды сауда баждарын енгізсе, бұл Қытай экономикасына кері әсер етеді. Қазақстан, көрші мемлекет және ірі сауда серіктесі болған соң бұл өзгерістер бізге де әсер етеді», – деп атап өтті Сүлейменов.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?