Трамп: Израиль енді Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орны нысандарына соққы жасамайды

cover Фото: Ақ үй

АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Иранның «Оңтүстік Парс» газ кен орны нысандарына соққы жасамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ол бұл туралы Truth Social әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«АҚШ бұл шабуыл туралы ештеңе білмеді және Қатардың да оған қатысы жоқ. Тіпті соққы болатынынан хабарсыз болды», – деді Трамп. 

АҚШ президентінің айтуынша, Израиль бұл соққыны «Таяу Шығыста болып жатқан жағдайға наразылық ретінде» жасаған. Шабуыл салдарынан кен орны нысандарының тек шағын бөлігі ғана зақымданған.

«Израиль енді аса маңызды әрі құнды «Оңтүстік Парс» газ кен орнына соққы жасамайды. Тек Иран ақылға қонымсыз шешім қабылдап, мүлде кінәсіз тарапқа – Қатарға – шабуыл жасамаса ғана», — деді ол.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар