Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
Фото: Ақ үй
Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт беріп, талабы орындалмаған жағдайды АҚШ Иранның ірі электр станцияларын соққының астына алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы және Ислам Республикасының жауап соққыларынан кейін мұнай бағасы тез өсе түсті.
Ормуз бұғазы әлемдегі стратегиялық теңіз жолдарының бірі екені баршаға аян. Бұғаз Парсы шығанағы мен Оман шығанағының дәл ортасында жатыр. Бұл Таяу Шығыстың Араб теңізіне шығатын маңызды жолы саналады.
Бұғаздың жабылуы тек АҚШ-қа ғана емес, әлем экономикасына айтарлық әсер етіп жатыр.
«Егер Иран осы сәттен бастап 48 сағат ішінде Ормуз бұғазын толық әрі ешқандай қауіп-қатерсіз ашпаса, АҚШ бұл елдің түрлі электр станцияларына соққы жасап, оларды жояды, ең ірісінен бастап!» – деп талап қойды АҚШ президенті.
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) бұл ультиматумға дереу жауап берді.
«Егер Иранның мұнай және энергетикалық инфрақұрылымына қарсы шабуыл жасалса, аймақтағы АҚШ пен оған одақтас режимдердің барлық энергетикалық, ІТ және су тұщыландыру нысандары нысанаға алынады» деп жазылған қарымта жауапта.
Ультиматум туралы хабардан шамамен бір сағат бұрын Трамп The New York Times газеті оның Иранда көптеген әскери мақсаттарға әлі қол жеткізбегені жөніндегі талдауын «мәнсіз» деп атаған болатын.
«Жоқ, мен қол жеткіздім, әрі жоспарланғаннан бірнеше апта бұрын! Олардың басшылығы жойылды, флоты мен әуе күштері талқандалды, олардың мүлде қорғанысы жоқ, енді олар келісім жасағысы келеді. Ал мен – жоқ!» – деп жазды АҚШ президенті. Ол сондай-ақ «АҚШ Иранды жер бетінен жойды» деп қосты Трапм.
Ирандағы соғыс салдарынан соңғы кезде мұнай бағасы күрт көтерілді. Ормуз бұғазы маңындағы танкерлерге жасалған шабуылдар мен соғыс аясында мұнай нарығындағы баға саясаты тез өзгеріп, әлем жағдайдың қалай болатынын аңдып, әр ел өз бетінше дағдарысқа ұшырап қалмаудың қамына кірісті.
Осы жағдай туралы тілішіміздің зерттеуін мына жерден оқи аласыз: Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр.
Оқи отырыңыз:
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
Жаңалықтар
- Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді, талап орындалмаса шабуыл үдейді
- Астанада жасанды интеллект бойынша алғашқы халықаралық олимпиада өтеді
- Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық футбол құрамасынан кетті
- Ботагөз Омарованың ісі бойынша журналистер Тоқаевқа үндеу жасады, Балаева пікір білдірді
- Украина бейбіт келісімге жақындады ма?
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз құтты болсын!
- Белгілі актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты
- Алматыда кредиттік бюро алаяқтық жолмен 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады