Трамп АҚШ пен Ресей арасындағы келіссөздердің екінші кезеңінің күні мен орнын жариялады
Фото: Thinkstock
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы әскери қақтығысты тоқтату үшін америкалық және ресейлік дипломаттар арасындағы келіссөздердің екінші раунды басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Euronews арнасына сілтеме жасап.
Трамп Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздердің 25 ақпанда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтетінін айтты.
Еске салайық, екі мемлекет өкілдері арасындағы келіссөздердің бірінші раунды 18 ақпанда Эр-Риядта өткен болатын. Ресей делегациясын Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, ал америкалық делегацияны АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио басқарды. Тараптар Мәскеу мен Вашингтон арасындағы екіжақты қарым-қатынасты жақсарту, сондай-ақ Украинадағы әскери қақтығысты реттеу мәселелерін талқылады.
Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге осы аптаның басында қол жеткізуге болатынына сенімді екенін хабарлаған.
Оның айтуынша, Вашингтон белсенді дипломатиялық күш-жігерін іске қосып, келссөзді жалғастыруда, ал Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц осы демалыс күндері келісімге келу және қақтығысты тоқтату үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің ықтимал кездесуі туралы сұраққа жауап бере отырып, ол әзірге ештеңе жариялай алмайтынын немесе нақтылай алмайтынын, бірақ Ақ үй екі тараппен келіссөздерді жалғастырып жатқанын айтқан еді.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды