Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

cover Orda.kz

Антикор ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт сөндіру қызметінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшыларына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Шенеуніктер бизнес өкілінен 40 миллион теңге көлемінде жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу соты күдіктілерді қамауға алды. Қылмыстық істі Ақмола гарнизоны әскери соты қарап жатыр.

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, біз басқа ақпарат бере алмаймыз» деді Антикор. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар