Тоқаевтың халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі тағайындалды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Ернар Лазарды халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімет таратты.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ернар Лазар Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», деп хабарлады Ақорда.
Ернар Лазар 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2011 жылы ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінде бастаған. Бірнеше жыл бойы СІМ-де қызмет етті.
2023 жылы 11 шілдеде Мемлекет басшысының өкімімен ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Ол екінші дәрежелі кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Айта кетейік, Тоқаев пен Италия президенті бірін-бірі орденмен марапаттады.
Жаңалықтар
- «Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді
- «Сегіз автокөлік пен 17 iPhone тәркіленді» — Жаңабыловтардың сотында не айтылды?
- Садыр Жапаров Тоқаевты Қазақстанда жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады
- Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті
- Астанада 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
- Мемлекет басшысы әскери қызметке қатысты Жарлыққа қол қойды
- Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығына оқ тиіп опат болды
- Лос-Анджелесте «Оскар-2026» жеңімпаздары анықталды
- Путин Тоқаевты жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады
- Талғарда қыз зорлады деген жаламен ұсталған төрт жігіт ақталып шықты
- Қадір түні — тағдыр түні: Дұға-тілектер
- Алматыда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталды
- Италияда қысқы Паралимпиада ойындары аяқталды: Қазақстан нешінші орында тұр?
- Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
- Екі аптадағы соғыс: Парсы шығанағындағы елдерге Иран шабуылдарының салдары қандай?
- Қазақстанның жаңа Конституциясы референдумда ресми түрде мақұлданды
- «Өліп жақсы көремін»: Нетаньяхудың «өлімі» мен алты саусақтың құпиясы
- Венгрияда премьер-министр сайлауы алдында қарсыластартың жақтастары митинг өткізді
- Биыл Наурыз мерекесі қалай атап өтіледі?
- Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің екінші ракеткасы атанды