Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
Фото: Farabi University
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақорда мәліметінше, ҚазҰУ ректоры – басқарма төрағасы Жансейіт Түймебаев мемлекет басшысына инновациялық өнімдер орталығының және Farabi Hub-тың жоғары технологиялық жобаларын көрсетті.
Түймебаев хаб базасында креативті индустрия, жасанды интеллект пен стартап жобалары іске асырылатынын мәлімдеді. Осы арқылы 300 жаңа жұмыс орны ашылып, 20 миллион доллардан аса инвестиция тартылған. Бұл оталықта ZTE, BASF, Binlin технологиялық корпорацияларының зерттеу алаңдары орналасқан. Бұдан бөлек, мұнда ҚазҰУ-дің ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Ректор университет жалпы құны 1 миллиард 250 миллион теңгені құрайтын төрт ірі жобаны жүзеге асырып отырғанын айтты. Тоқаев Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлесе әзірленген микроспутник макетін көрді.
Тоқаевқа «Қашықтан зондтау және оны қолдану технологиясы» зертханасының қызметі таныстырылды. Бұл кешен ҚХР Ғылым академиясымен бірлесе ашылған. Зертханада жасанды жер серіктерінің деректері негізінде Орталық Азиядағы климат және экология өзгерістері зерттеледі.
Тоқаевқа университет базасында орналасқан суперкомпьютер кластері көрсетілді. Оны құруға 23 миллион доллар инвестиция тартылған екен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды
- Қырғызстанға оралған Қамшыбек Тәшиев тергеліп жатыр — дереккөз
- Трамп: Израиль енді Ирандағы «Оңтүстік Парс» кен орны нысандарына соққы жасамайды
- Екібастұз ресми түрде моноқала мәртебесінен шығарылды
- Наурыз көже: жеті дәмнің мәні мен ғасырлардан жеткен аңыздар