Тоқаев Түрікменстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовты және барша халықты Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы Сердар Бердімұхамедовты және Түрікменстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Жеделхатта қазақ-түрікмен ынтымақтастығының жоғары қарқыны атап өтілген, ол бірлескен күш-жігермен жаңа практикалық мазмұнмен толықтырылып, стратегиялық серіктестік рухы мен екі халықтың мүддесіне толық жауап береді» деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев жан-жақты мемлекетаралық қатынастарды тереңдетуге ниетті екенін білдіре отырып, Сердар Бердімұхамедовке бауырлас Түрікменстанның игілігі мен дамуы жолындағы жауапты жұмыста табыс тіледі.
Президент Загребте өткен күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында ерекше көзге түскен спортшылар мен бапкерлерді марапаттады.
Кеше ел президенті Тоқаев Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды.
Жаңалықтар
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды
- Норвегияда АҚШ елшілігі жанындағы жарылысқа қатысты үш адам ұсталды