Тоқаев туризм және спорт жаңа министрімен кездесті

cover Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тағайындалған Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

 Президент министрге бірнеше маңызды міндеттер жүктеді. Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамыту, спорт саласында бірыңғай басқаруды қалыптастыру, жаттықтырушылар құрамын күшейту және спортқа ғылыми тұрғыдан қарауды қамтамасыз ету.

«Президент министрден биыл маусым айында өткен Туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалары бойынша нәтижелі жұмыс күтетінін айтты»,  деп хабарлады Ақорда.

Еске сала кетсек, Orda.kz Туризм және спорт министрі болып Ербол Мырзабосынов тағайындалғанын жазған болатын. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар