Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгерістер жүргізді, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы 2 наурызда күшіне енген Жарлыққа сәйкес мемлекет басшысы бірқатар сот төрағалары мен судьяларды тағайындап, кейбірін қызметтен босатты.
Жарлыққа сәйкес келесі Сот төрағалары тағайындалды:
- Астана қалалық сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған.
- Алматы қалалық сотының төрағасы болып Арман Жүкенов тағайындалды. Ол бұрын Ақмола облысы сотының төрағасы болған.
- Жамбыл облысы сотының төрағасы қызметіне Ерлан Қосмұратов тағайындалды.
Жарлыққа сәйкес еліміздің бірқатар өңірлері мен қалаларындағы соттарға, атап айтсақ: Астана, Алматы, Шымкент, Абай облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы, Ұлытау облысы, Шығыс Қазақстан облысы жаңа судьялар тағайындалды.
Қызметтен босатылғандар:
Сонымен қатар бірқатар судьялар қызметінен босатылды. Олардың бір бөлігі өкілеттік мерзімінің аяқталуына, зейнет жасына жетуіне, отставкаға шығуына, өз өтініші бойынша, сондай-ақ қайтыс болуына байланысты қызметінен кетті.
Нақтырақ тоқталсақ:
- Жамбыл облысы сотының төрағасы Ербол Ахметжанов өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен босатылды, бірақ осы соттың судьясы болып қалды.
- Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар судьялар отставкаға шықты.
- Орал қалалық сотының төрағасы Руслан Жұмағұлов соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеніне байланысты қызметінен босатылды.
Осылайша президенттің Жарлығымен Қазақстанның сот жүйесінде ауқымды кадрлық жаңарту жүргізілді.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр