Тоқаев Сейітқазы Матаевты «Құрмет» орденімен марапаттады

cover

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаевты «Құрмет» орденімен марапаттады.

Мемлекет басшысының атынан орденді Қазақстан Журналистер одағы басқармасының басшысына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев табыс етті.

Матаевтың мерейтойына арналған салтанатты шарада Президент Тоқаевтың атынан құттықтау мәтінін Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов оқыды.

Белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы, қоғам қайраткері Сейітқазы Матаев 31 қазанда  70 жасқа толды.

Сейітқазы Матаев КСРО тарап, Қазақстан тәуелсіздік алған 90-жылдары иесіз қалған ҚазТАГ-ты (ТАСС-тың Қазақ ССР-індегі филиалы) аяқтан тұрғызып, өзінің жеке бастамасымен, жеке қаражатын жұмсап көп еңбек сіңірді, бүгінде ҚазТАГ елімізге ғана емес, шетелге де  танымал әрі беделді БАҚ саналады.

Тәуелсіз Қазақстанда ең алғашқы Баспасөз клубын ашқан да Сейітқазы Матаев. Ол кісі Алматыда 2000-жылдардың басында құрған Ұлттық баспасөз клубы қазір тәуелсіз қоғамдық-саяси платформаға айналды.  

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар