Тоқаев Самарқанда Мирзиёевпен кездесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Өзбекстанға барды. Оны әуежайда Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент Өзбекстанға «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері жайлы Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін аттанған болатын.
Ол Самарқанд қаласына келген Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен кездесті.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне ерекше мән беретінін айтты. Сонымен қатар бұл жиын аймақ елдерінің Еуропа Одағымен диалогын ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Еске салайық, 29 наурыз күні Тоқаев Алматыда Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізген болатын.
Еске сала кетсек, Қазақстан жеңістің 80 жылдығына қызу дайындықты бастап кетті.
Еске салайық, бұған дейін жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге 2,5 млрд теңге жұмсалатыны айтылды.
Сонымен қатар, Orda.kz Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандық достарын жеңістің 80 жылдығына арналған мерекеге шақырғаны жайлы жазған болатын. Ал Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында Тоқаев «Ресейдің Украинадағы соғыста жеңілмейтінін» айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Атырауда бастауыш сынып мұғалімі қаза тапты
- Қазақстанда халықтың қанша пайызы кедей? Статистика жарияланды
- Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасына халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді тапсырды
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Иранның барлау министрі Исмаил Хатиб қаза болды
- ҚазТАГ басылымының басшысы Әсет Матаев ұсталды
- Израиль президенті Ицхак Герцог Тоқаевтың бейбітшілік қажет деген пікірін қолдайды
- Алматыда белсенді Санжар Боқаев ұсталды
- Белгілі блогерлер Жанабыловтардың сотында куәгерлік етеді
- Грин-карта алу тәртібі өзгерді: Қазақстандықтар нені білу керек?
- Иранда «Росатом» қызметкерлері жұмыс істейтін АЭС аумағына снаряд құлады
- Куба президенті Трампқа қатаң жауап қатты
- Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды
- Жанабыловтардың адвокаты прокурорды заңды бұрмалады және БАҚ арқылы қысым көрсетті деп айыптады
- Бектенов жаңа Конституцияны жаппай таралыммен шығарып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді
- Иран Лариджанидің өлімін растады, Израильге түнімен соққы жасалды — Таяу Шығыстағы жағдай
- Келінін құрыққа түсірген: Әзербайжанда президент отбасын бопсалаған адам ұсталды
- Заңсыз табыс — 128 млн теңге: Зергерлік бұйымдарды кепілге алып, ақша берген микроқаржы ұйымы тергеліп жатыр
- Еркебұлан Тоқтарға шүйліккен өзбек файтері сотталды
- Ресейдің жағдайы жақсармай, көзіміз ашылмайды: Шаруалар 7000 тонна пияз өнімін 30 теңгеден де өткізе алмай отыр