Тоқаев пен Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысына қатысты
Екі ел басшыларының төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысы өтті.
Бұл туралы Ақорда хабарлайды.
Мемлекет басшысы қазақ-қырғыз қатынастары стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанын атап өтті.
«Біз одақтастық байланысты нығайтуды қолға алдық. Бүгін біз тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз қатынастарының дамуына тың серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан біз бұл келісімге үлкен үміт артып отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, ынта-жігеріміз де жеткілікті. Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысы ынтымақтастық аясын кеңейтуге жол ашады деп санаймыз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бүгінгі отырыс барысында екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланатынын айтты.
«Уақыт сынағынан өткен ықпалдастығымыздың болашағы зор екеніне кәміл сенемін. Бұл бағытта бір кісідей күш жұмылдыруымыз қажет. Осы орайда Жоғары мемлекетаралық кеңестің жұмысы қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын дамытуға ерекше серпін беретініне сенімдімін»,- деді Тоқаев.
Өз кезегінде Қырғызстан президенті сан алуан бағыт бойынша серіктестікті одан әрі нығайту маңызды екенін жеткізді.
«Бүгінгі шара қырғыз-қазақ қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын. Келіссөздердің дәстүрлі одақтастық және стратегиялық байланыс рухында өтіп жатқаны қуантады. Қырғызстан Қазақстанмен екіжақты байланыстарды тереңдетуге бағытталған сыртқы саясат жүргізіп отыр. Бір-бірімізді қолдап, келешекті ойлап, барлық мәселені бірлесіп шешкен дұрыс деп санаймын. Қырғызстанның атқарушы билік органдары екі ел арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің шешімдерін іске асыру үшін тиісті шараларды жүзеге асырып жатыр. Бүгінгі кездесулеріміз екі елдің өзара ынтықмақтастығына тың серпін беретініне сенімдімін»,- деді Садыр Жапаров.
Президенттер бүгінгі талқылаулардың табысты болғанын, екіжақты ықпалдастықтың басымдықтары мен алдағы міндеттері айқындалғанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастарды мүлде жаңа деңгейге көтеруге өзара ниетті екенін айтты.
Сонымен қатар жиын барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстан облысына 3 мыңға жуық отбасы жәрдемақы алды
- Netflix Қазақстанда реалити-шоуды түсірмекші
- Алматылықтарды Украинадағы соғысқа шақырды: Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жүргізіп жатыр
- 2024 жылы Қазақстанда электр энергиясының тарифі өсе ме?
- Қаржы министрлігі шығындарды 300 миллиард теңгеден астам қысқарту туралы шешім қабылдады
- Netflix Қазақстанда реалити-шоу түсіреді
- Қазақстандықтар StarLink интернетіне заңды түрде қол жеткізе алады
- Бишімбаев сотқа жеткізілмеді: ішкі істер министрлігі себебін айтты
- Сәуірде Ұлттық қордан миллиард доллардан астам қаржы сатылды
- Сенат Ресей мұнайының Қазақстан аумағы арқылы Қытайға транзиті туралы хаттаманы ратификациялады
- Ақмарал Әлназарованың орнына Наурызбай Байқадамов сенат депутаты болып сайланды
- Антикорда Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
- Жамбыл облысында көшедегі әжетханада соққыға жығылған оқушы көз жұмды
- Колумбия президенті Израильмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзетінін жариялады
- СҚО-да үш мыңға жуық отбасы біржолғы жәрдемақы алды
- Үш жарым жылға сотталған Сәтбаевтың бұрынғы әкімінің үкімі өзгеріссіз қалды
- Қазақстанның Қытай және Өзбекстанмен шекарасында көлік қозғалысы тоқтатылды
- Елена Рыбакина Мадридте өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалына шықты
- Грузиядағы наразылықтар: полиция су, көзден жас ағызатын газ және қару қолданды
- Алматыда меценаттар болашақ мұғалімдерге жатақхана салып берді