Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

cover Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті» делінген хабарламада.

Президенттер Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылап, оның стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында ілгері дамып келе жатқанын атап өтті. Олар екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудағы үйлестірілген өзара іс-қимылын жоғары бағалады.

Тоқаев пен Путин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқаны, сондай-ақ алдағы кездесулер кестесіне қатысты жазбаларды салыстырғаны атап өтілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар