Тоқаев пен Гутерриш өзара жылы лебіз білдіріп, БҰҰ реформасын талқылады
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді. БҰҰ басшысы Нью-Йоркте өтетін Бас Ассамблеяның 80-сессиясы қарсаңында Астанаға арнайы сапармен келген, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Гутерришке сапары үшін алғыс білдіріп, бұл кездесудің ел мен өңір үшін маңыздылығын атап өтті:
«Қонағымыздың тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, Қазақстанға арнайы келуі — еліміз үшін ерекше мән береді. Бұл — БҰҰ-ның Тұрақты даму күн тәртібіне берік бейілдігінің белгісі», — деді Тоқаев.
Президент Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) жөніндегі орталықтың ашылуын ерекше атап өтіп, бұл жобаны өңірлік деңгейдегі маңызды жетістік деп атады:
«Өз атымнан және Қазақстан халқының атынан осы бастамаға көрсеткен тұрақты қолдауыңыз үшін сізге және командаңызға шын жүректен алғыс айтамын... Біздің еліміз көпжақты диалог, дипломатия және ынтымақтастық қағидаттарына әрдайым адал болып қала береді», — деді Тоқаев.
Антониу Гутерриш өз кезегінде Қазақстанның бейбітшілікті ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады:
«Қазақстан — диалог символы, халықтар арасындағы көпір... Бұл — бүкіл әлем үшін озық үлгі», — деп атап өтті Бас хатшы, еліміздің ядролық қарудан бас тарту туралы шешімін еске сала отырып.
Кездесу барысында тараптар Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған БҰҰ ТДМ өңірлік орталығының жұмысы, БҰҰ-ны реформалау барысы,Халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша мәселелерді талқылады.
Айта кетейік, осы кездесуге дейін ҚР Сыртқы істер министрі, Премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға ресми сапары аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке болашақ сапарына дайындық бойынша қырғыз әріптесі Жээнбек Кулубаевпен келіссөз жүргізді.
Жаңалықтар
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты