Тоқаев пен Гутерриш БҰҰ-ның Алматыдағы өңірлік орталығында болды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ-ның Алматыдағы өңірлік орталығында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп Orda.kz.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас хатшы Антониу Гутерриш БҰҰ-ның Алматыдағы өңірлік орталығында болды. Мемлекет басшысы мен БҰҰ бас хатшысы Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасындағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты» деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ Бас хатшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға сапармен келді. БҰҰ баспасөз қызметінің мәліметінше, оны әуежайда Қазақстан вице-премьері - сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча қарсы алды.
Биылғы жылдың наурыз айында Токаев Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.
Сол кезде Қазақстан Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық құру туралы бірауыздан қабылдаған қарарының маңыздылығын атап өтті. Сұхбаттасушылар өңірлік орталықты институционалдандыру бойынша алдағы қадамдарды талқылады.
Бас хатшы Антониу Гутерриш Қазақстанның бітімгершілік күш-жігерін және оның жаһандық қауіпсіздік пен тұрақты дамуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін