Тоқаев Назарбаев пен Қаңтар туралы сөз қозғады

cover Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 жыл бұрын республикалық референдумда қабылданған. Бүгін, 29 тамыз күні, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.

Сөзінде президент елдегі басқару формасының қалай өзгергенін тілге тиек етті. Конституцияға ең маңызды өзгерістер үш жыл бұрын енгізілген — 2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін.

Тоқаевтың айтуынша, бұрын елдегі билік жүйесінде проблемалар болған. Осы себепті президенттің жақын туыстары мемлекеттік басқару жүйесінде жетекші лауазымдарды иелене алмайтын заңдық шектеу енгізілген.

Сонымен қатар, Тоқаев Қазақстан Конституциясын қалыптастырудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін атап өтті:

«Конституция туралы айтқанда, бірінші президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың табанды еңбегін бағалау маңызды. Мемлекет басшысы ретінде ол Конституцияны қабылдау процесінде шешуші рөл атқарды».

Президент қазіргі таңда 2022 жылғы стратегиялық таңдауында дұрыс шешім қабылдағанына сенімді екенін жеткізді. Сонымен қатар Қаңтар оқиғасы жайында былай деді:

«Шын мәнінде, 2022 жылы жүргізілген реформа Қазақстанның конституциялық құрылымы тарихындағы ең мазмұндысы еді. Мұндай реформаны қолға алуға сол кезеңдегі өте күрделі саяси жағдай себеп болды», — деді Тоқаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар