Тоқаев Мәскеудегі жеңіс шеруіне қатысады

cover Фото: pixabay.com

Тоқаев 9 мамырға Мәскеуге сапарын жариялады және Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.

Президент сапары жайлы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуде хабарлады.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, Ресей Федерациясының президенті Владимир  Путинге сәлемімді жеткізгім келеді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлау барысында кездесеміз деп үміттенемін. Мен шақыруды қабылдадым. Біз елде сол күндері шаралар жоспарлап қойғанбыз. Бірақ ол шараларды 7-8 мамыр күндері өткізіп үлгереміз деп ойлаймын. Сол шараларды өткізе сала Мәскеуге ұшып кетемін»,  деді Тоқаев.

Бұған дейін Путин ТМД елдері басшыларын екінші дүние жүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге шақырғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар