Тоқаев Қазақстанға жанама ат қоятындарды сынға алды
Фото: Ақорда
Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір азаматтардың елімізді мазақ қылуына жол бермеу керегін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент жалған ақпарат пен алауыздықтың алдын алу керегін ескертті.
«Біз қоғамдық пікірді манипуляциялауға, биліктің беделін түсіруге, алауыздықты қоздыруға бағытталған жалған ақпараттарды жиі кездестіреміз. Бұл елдегі азаматтардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан деструктивті контентті таратқаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекіту мәселесін қарастыру қажет», - деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір азаматтардың елімізді мазақ қылуға әуестеніп бара жатқанын айтты.
«Мысалы өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі жанам ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе», - деді мемлекет басшысы.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды