Тоқаев Ербол Мырзабосыновты қабылдады

cover Фото: Ақорда

Туризм және спорт министрі мемлекет басшысына спорт саласын реформалау жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысын баяндады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ербол Мырзабосынов балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту, федерация жұмысын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Сондай-ақ еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берді. Министрдің айтуынша, шетелдік саяхатшыларға түрлі мүмкіндіктер ұсынатын Neo Nomad Visa жобасы іске қосылған. Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы тау кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленіп жатыр екен. Сонымен қатар ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес қолға алынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар