Тоқаев бүгін премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

cover akorda.kz

Бүгін, 6 ақпанда сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады.

Еске салайық, кеше, 5 ақпанда үкімет қызметін доғарды. Премьер-министр қызметін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді. 

Ал үкіметтің өзге мүшелері жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндетін орындай береді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар