Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан көмек көрсетуге дайын

cover Фото: Ақорда

Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазақстан президенті Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына алаңдаушылық білдірді. Әмірліктердің басшылығы мен барша халқына шынайы тілектестігін жеткізді. 

Тоқаев қарулы қақтығыс барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын айтты.

«Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын», – деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы БАӘ азаматтық нысандарына, сондай-ақ Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуылды қатаң айыптады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар