Тоқаев Астанаға келетіндерге бақылауды күшейту қажет екенін айтты
Фото: pixabay.com
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы халық санының шамадан тыс өсуі қала инфрақұрылымына зор қысым түсіріп отырғанын айтты. Оның сөзінше, мектептерде, ауруханаларда орын жетіспейді, ал жылу мен су жүйесінің тұрақтылығы қауіпті жағдайға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент Үкіметке ел ішіндегі және шетелден келетін көші-қон ағындарын бақылау үшін бірыңғай цифрлық жүйе енгізуді тапсырды.
«Бақылаусыз ішкі және сыртқы миграция азаматтар шоғырланатын ірі қалалардың инфрақұрылымына орасан зор салмақ түсіреді. Оның айқын мысалы Астана. Соңғы үш жылда елорда тұрғындарының саны 250 мыңнан астам адамға артты. Соның ішінде былтыр – шамамен 100 мың. Биылғы өсім бұл межеден де асып түсуі мүмкін. Қала инфрақұрылымы ресми 1,5 млн тұрғынға емес, күнделікті 1,9 млн адамға қызмет көрсетіп отыр. Басқаша айтқанда, орташа бір қаланың халқына тең 400 мыңнан астам адам жоспардан тыс Астанада тұрып жатыр. Бұл жағдай жылу мен су жүйелерінің тұрақтылығына қатер төндіреді», – деді Тоқаев
Сонымен қатар, Тоқаевтың айтуынша, 2022 жылдан бері Астанада мұқтаж жандарға 7 мыңға жуық пәтер берілген. Соның ішінде 1380 пәтер – көпбалалы отбасыларға, 835 пәтер – жетім балаларға, 665 пәтер – ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бөлінген.
«Кейбір облыс әкімдері корпоративтік салықтан түскен қаржыны тиімді пайдаланбай, тас төсемдер төсеу сияқты пайдасы аз жобаларға жұмсауда. Сондықтан азаматтар әлеуметтік қолдау көрсетілетін астанаға ағылып келіп жатыр», – деді президент.
Мемлекет басшысы мектеп инфрақұрылымы шектен тыс жүктемеге ұшырағанын атап өтті. Жыл сайын кемінде 15 жаңа мектеп салу қажет. Сондай-ақ, қалада аурухана төсектері мен емханаларда орын жетіспейді. Қала әкімдігі даму жобаларын жүзеге асырудың орнына, бюджет қаржысының 60 пайызын әлеуметтік шығындарға бөлуге мәжбүр болып отыр.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі